Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы
1. Елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыруын ақпараттық қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымдарын қарай келіп:
Қазақстан Республикасы Президентінің Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін:
Жанболат Әлиханұлы АУПБАЕВҚА – «Егемен Қазақстан» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторына – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған материалдар топтамасы және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан зор шығармашылық үлесі үшін;
Алексей Владимирович ПАНҒА – «Экспресс-К» газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директорына (марқұм) – елдің ақпараттық кеңістігі деңгейін өрістетуге бағытталған қызметі, отандық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын:
Зарица Георгиевна ЕСЕКЕЕВАҒА (Зарина Мұхамедәліге) – «Арша» медиастудиясының продюсеріне – республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы және моноқалаларын мемлекеттік қолдау туралы «24 KZ» телеарнасындағы «Большие города» – «Дархан қала» атты авторлық жобасы үшін;
Ринат Думанұлы КЕРТАЕВҚА – «Хабар» агенттігі акционерлік қоғамы «Хабар» телеарнасы Бағдарламалар өндірісі дирекциясының бас продюсеріне – қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан шығармашылық үлесі үшін;
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын:
«Достық-Дружба» республикалық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына – қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдағы этносаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін;
«Жетісу» өңірлік қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына – өңірде мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын терең әрі жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;
«Қазақстан» ұлттық телеарнасының шығармашылық ұжымына – мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап-көрсеткені және отандық ақпараттық кеңістікті өрістетуге қосқан зор үлесі үшін;
«Астана» радиосындағы «Көкжиек» және «От и до» бағдарламаларының шығармашылық ұжымына – маңызды мемлекеттік бағдарламалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кызметі аясында жүзеге асырылу барысын жариялап-көрсеткені үшін;
«Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымына – Қазақстан туралы жаңа өзекті телевизиялық жобалар жасау арқылы отандық құжаттану саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;
«Тіл» республикалық ақпараттық-сараптамалық журналының шығармашылық ұжымына – әлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылу барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін белсенді жариялап-көрсеткені үшін;
«Vesti.kz» спорттық-ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына – саламатты өмір салтын кеңінен насихаттағаны, Қазақстанның спорт журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін.
2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 26 маусым. №9